Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының басым бағыттарының бірі Құрылыс және тұрғын үй, атап айтқанда, әлеуметтік тұрғын үй бөлу, қала маңын дамыту, әлеуметтік объектілердің тапшылығы мәселелері болып табылады.
Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов өңірге жұмыс сапары барысында ескірген тұрғын үйлерді реновациялау жобасымен танысты.
Сапар барысында Алматы ӘКК өкілдері мен "KazSMU" ЖШС құрылыс салушысы тозған тұрғын үй қорын, сондай-ақ бұзылған үйлердің орнына салынған тұрғын үй кешенін көрсетті.
Тараптар осы бағдарламаны іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындардан туындайтын мәселелер мен проблемаларды талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, қаланың тұрғын үй қорын жаңартудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы өткен жылдың ақпан айында қабылданған болатын. Бүгінгі күні қалада 1,4 мыңнан астам ескі екі қабатты үйлер бар, олардың 700-ден астамы бұзылуға жатады.