Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру аясында «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы өзінің қызметі шеңберінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Талқылаудың мақсаты – ашықтықты қамтамасыз ету, жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үдерісіне қатысуын арттыру, сондай-ақ ықтимал тәуекелдерді азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Жария талқылау өткізу уақыты мен орны: Күні: 2025 жылғы 24 сәуір
Уақыты: 11:00 Өтетін орны: Алматы қ., Байзақов көшесі, 303-үй, 6-қабат, мәслихат-залы. Іс-шара оффлайн форматта өтеді.
Мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және барлық мүдделі тұлғаларды жария талқылауға қатысуға және талдау нәтижелері бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін енгізуге шақырамыз.
Байланыс тұлғасы: Оспанов С.Ж.
e-mail: s.ospanov@spkalmaty.kz
кеңсе телефоны: 255 18 91 (ішкі 510)
ұялы телефон: +7 707 471 1199
5-қабат, 517-кабинет