7 июня, 2024

«Алматы» ӘКК ӘМАТ-тың 13 позициясының бағасын тұрақтандыры

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде "Алматы" ӘКК "Magnum Cash&Carry" ЖШС-мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) 13 позициясын сатып алуға қарыз шартын жасасты. 

Сатып алынатын ӘМАТ-тың жалпы көлемі 2547,7 тоннаны құрады. Өнім тауар өндірушілерден сатып алынады және "Магнум" сауда желісі арқылы 10%-дан аспайтын сауда үстемесімен тіркелген төмендетілген бөлшек бағамен сатылады.

Өнімдер арасында қарақұмық (сөредегі шекті баға – 295 теңге), түтік кеспе (299 теңге), күріш (489 теңге), күнбағыс майы (529 теңге), сары май (салмағы бойынша – 2860 теңге, 180 грамм – 620 теңге), айран (439 теңге), сүт (389 теңге), сүзбе (451 теңге), тауық еті (аяқтары – 1459 теңге, жамбас – 1259 теңге), сиыр еті (2669 теңге), ұн (295 теңге), нан (80 теңге) және тұз (74 теңге).

Қалада бағаны тұрақтандыру 2024 жылғы 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

crossmenu