23 августа, 2024

"Алматы" ӘКК Қызылорда облысының тұз өндірушілерімен меморандумға қол қойды

"Алматы" ӘКК кәсіпкерлер мен ірі ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларының қатысуымен Қызылорда облысында егін жинаудың басталуына арналған "Республиканы күріш өнімімен қамтамасыз ету бойынша келісім" атты ауқымды іс-шараға қатысты.

Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары және облыс әкімінің орынбасарлары қатысты.

Іс-шараға қатысушылар егін жинауға арналған ауыл шаруашылығы техникасымен, облыста өндірілетін агроөнім түрлерімен танысып, мамандармен пікір алмасты.

Іс-шара қорытындысы бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республиканың әртүрлі өңірлеріндегі кәсіпорындармен меморандумға қол қою рәсімі өтті. Атап айтқанда, "Алматы" ӘКК мен Қызылорда облысының тұз өндірушілері арасында меморандумға қол қойылды.

crossmenu