4 мая, 2024

Алматы ӘКК қантты белгіленген сату бағасы бойынша сатуын жалғастыруда

Алматы қаласында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түйіршіктелген қант бағасының өсуіне жол бермеу шеңберінде, Алматы ӘКК қантты "Magnum", "Small" сауда желілерінде және "Юбилейный", "Столичный" супермаркеттерінде кг-на 380 теңгемен сатуда.

Сауда объектілеріндегі сөредегі бағасы сату бағасына 10% аспайтын үстемеақыны ескере отырып қалыптастырылады.

Қазіргі таңда Алматы ӘКК өткізетін іс-шаралардың арқасында қант бағасы тұрақты күйінде қалып отыр. Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының басқа түрлеріне бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

crossmenu