2 апреля, 2025

"Алматы" ӘКК "Ғылым, бизнес және өндіріс интеграциясы" форумға қатысты

"Алматы" ӘКК қызметкерлері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған "Ғылым, бизнес және өндірістіинтеграциялау" форумына қатысты. Форумның негізгі мақсаты-бизнестегі ғылыммен инновацияны насихаттау.

Ғылыми қоғамдастыққа, экология және қоршаған ортаны қорғау, сейсмикалыққауіпсіздік мәселелері жөніндегі сарапшыларға және инновациялықтехнологияларды енгізетін компаниялардың өкілдеріне Farabi HUB, Жердіқашықтықтан зондтау технологиялары жөніндегі Қазақстан-Қытай зертханасы, RoboMech робототехника және мехатроника орталығы, ҚазҰУ суперкомпьютерлікорталығы, Технопарк және басқаларын қоса алғанда, ҚазҰУ-дың ғылымиинфрақұрылымы көрсетілді.

"Ғылым мен инновацияларды қолдану қалалық және инженерлікинфрақұрылымды жаңғыртуға, экологияны, атап айтқанда ауа сапасынжақсартуға, қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасын арттыруғаықпал етеді. Жасанды интеллектті қолдану маңызды бола түсуде. Мемлекетбасшысы оны технологиялық прогресс пен ел экономикасының тұрақты өсуі үшіненгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті", - деп атап өтті форум трибунасынанАлматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

crossmenu