
2025 жылғы 18 маусымда Алматы қаласындағы UN Plaza-да Орталық Азиядағы БҰҰ-ның Жаһандық шартының көп елдік желісі кеңсесінің ресми ашылуы өтті. Іс-шараға Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Алишер Сатыбалдиев, сондай-ақ «Алматы» ӘКК Басқарма төрағасының орынбасары Зоя Касенова қатысты. Кеңсенің ашылуы оның атқарушы директоры Динара Сейджапарованың белсенді көмегі мен қатысуымен мүмкін болды.
Кеңсе бизнес, мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғамның орнықты даму саласындағы өзара әрекеттестігін үйлестіру платформасына айналады. Жаңа алаң өңір елдерінде БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) іске асыруға жәрдемдесуге бағытталған. Кеңсе қызметі ОДМ-ды корпоративтік стратегиялар мен операциялық процестерге интеграциялауда компанияларға қолдау көрсету, сондай-ақ БҰҰ-ның Жаһандық шартының он қағидатын ілгерілетуді қамтитын болады.
Ашылу салтанатында БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісінің міндетін атқарушы Стивен О'Малли, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігінің басшысы Жанибек Абдрашов пен Алишер Сатыбалдиев құттықтау сөз сөйледі.
Орталық Азиядағы Желі қызметінің мақсаттары мен бағыттарын БҰҰ Жаһандық шартының жаһандық операцияларының басшысы Оле Лунд Хансен ұсынды.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Гаухар Бурибаева, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма төрағасы Умут Шаяхметова, Кавказдағы және Орталық Азиядағы EY басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин, «KazakhExport» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Аян Бектыбаева, «Элдик банк» ААҚ (Қырғызстан) Айчурек Жакыпова, Қазақстан мен Орталық Азиядағы Schneider Electric бас директоры Эдгард Бу Шахин, сондай-ақ «Парыз» ҚҚ төрағасы мен Karazhal Operating бас директоры Жұмабек Жаныкулов сөй сөйледі.
Кеңсе қызметі бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимыл, орнықты даму саласындағы компаниялардың әлеуетін дамыту, семинарлар мен конференциялар өткізу, сондай-ақ ақпараттық және әдіснамалық қолдау көрсету сияқты бағыттарды қамтиды.
Өз кезегінде, «Алматы» ӘКК 2023 жылы БҰҰ Жаһандық шартына қосылған Қазақстанның алғашқы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы болды. Корпорация БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы күн тәртібінің құндылықтарын қолайды, барлық 17 ОДМ маңыздылығын мойындайды және оларға қол жеткізуге үлес қосады.
«Алматы» ӘКК өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып, Орнықты дамудың алты басым мақсатын айқындады, корпорация оларға қол жеткізуге барынша үлес қосады: аштықты жою; жақсы денсаулық пен әл-ауқат; сапалы білім беру; лайықты жұмыс және экономикалық өсу; индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым; орнықты қалалар мен елді мекендер.