КешеVIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының Кәсіпкерлік, инсвестициялар, туризм және экология жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі отырысы өтті.
Отырысқа кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Оман Омаров, Алматы ӘКК басқарма төрағасының орынбасары Максим Прудников, туризм басқармасының басшысы Сабина Аманкелді және басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.
Отырыста 2023 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есептер, қысқа және орта мерзімді перспективаға арналған алдағы жұмыстар бойынша Жол карталары, сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейінгі негізгі басымдықтар ұсынылды.