6 қазанда, Алматы ӘКК Шымкент ӘКК өкілдерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша тәжірибе алмасу және тығыз өзара іс-қимыл жасау мақсатында кездесу өткізді.
Кездесу барысында "демалыс күні" жәрмеңкесіне, сондай-ақ "Magnum" дүкендер желісінің сауда нүктелеріне және Алматы ӘКК павильондарына экскурсия өткізілді.
Сонымен қатар, тараптар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірибесімен алмасты және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асырудағы тығыз өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Шымкент және Алматы қалаларының өңіраралық кооперациясы шеңберінде өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.