«Алматы» ӘКК қаладағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында «Алатау-құс» АҚ құс фабрикасымен қарыз шартын жасасты. Бұл келісім жалпы жеткізу көлемі 1 818 тоннаны құрайтын тауық етіне (аяғы мен жамбасына) бағаны 24 ай мерзімге тұрақтандыруға бағытталған.
«Алатау-құс» АҚ өз өнімдерін 25 фирмалық дүкендер желісі арқылы, сондай-ақ үй жанындағы дүкендерде сататын болады. Шарт талаптарына сәйкес фирмалық дүкендердегі өнімге қойылаиын ең жоғары бөлшек сауда бағасы 1 100 тг/кг-нан аспайды. Бұл шара Алматы тұрғындары үшін нарықтық бағалардың ықтимал ауытқуы жағдайында жоғары сапалы азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл бастама өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қолдаудағы және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартудағы маңызды қадамның бірі болып табылады.
Өнімді сату нүктелері туралы, сондай-ақ сатып алу шарттарын нақтылау туралы толығырақ ақпаратты almatyazyk.kz ресми сайтынан алуға болады.