«Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» іс-шарасын қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Almaty Clean&Green» қалалық экологиялық іс-шарасы аясында «Алматы» ӘКК және оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері С.Сейфуллин атындағы саябақта тазалық жұмыстарын жүргізді.
Тазалауға 400-ден астам адам қатысты. Іс-шара қорытындысы бойынша 50 текше метрден астам қоқыс жиналып, шығарылды, сондай-ақ 100-ге жуық ағаш отырғызылды.
Бүкіл мегаполис бойынша эко-акцияға 50 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты. Белсенділерге коммуналдық қызметтердің 1200-ге жуық қызметкері және 350-ден астам техника көмектесті.
Тазалау нәтижесінде қала тұрғындары 8 мың текше метрге жуық қоқыс жинап, 10 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызды.