"Алматы" ӘКК азық-түлікпен қамтамасыз ету және сауда департаментінің қызметкерлері Еуропалық Одақтың агроазық-түлік бизнесі делегациясымен кездесуге қатысты. Делегацияны Еуропалық Комиссар, Януш Войцеховский алып жүрді.
Оның құрамына Еуропалық агроазық-түлік секторының 40 өндірушісі мен ұйымдарының өкілдері кірді. Делегаттар қазақстандық бизнес-сегментке еуропалық азық-түлік пен сусындардың кең ауқымын ұсынды. Олардың ішінде жануарлардан алынатын өнімдер, шараптар, күшті спиртік сусындар, жемістер, көкөністер, тұқымдар, органикалық өнімдер және географиялық көрсеткіштерді қорғау қолданылатын арнайы өнімдер бар.
Сессия барысында ӘКК, қазақстандық импорттаушылар мен ритейлерлер Еуропалық делегаттармен қарым-қатынас жасап, жаңа іскерлік байланыстар орната алды. Атап айтқанда, ӘКК Алматы қызметкерлері аумағында өнімді өткізу нарығын іздеуде кеңес бере отырып поляк, итальян және румын өндірушілерімен кездесті. Бірқатар еуропалық компаниялар да қала аумағында өз өндірістерін іске қосуға қызығушылық танытты. ӘКК өз тарапынан өндірушілер жергілікті нарыққа шыққан жағдайда жәрдем көрсетуге дайын.