14 февраля, 2025

«Алматы» ӘКК еншілес ұйымы «Тигрохауд» базарын жаңғыртуды аяқтауды қаржыландырады

 

«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы «Almaty Finance» ЖШС Алматы қаласының Әуезов ауданындағы «Тигрохауд» киім базарын қайта жаңартуға 500 млн.теңге бөлді. Алынған қаражатқа «Тигрохауд фирмасы» ЖШС урбанистиканың заманауи талаптарына жауап беретін паркингі бар сауда орталығының құрылысын аяқтайды.

Жобаны қаржыландыру реттелген сауданы жүргізу үшін жағдай жасауды көздейтін «Almaty Business - 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% – (ЖТСМ), қаржыландыру мерзімі-5 жылды құрайды. Несие «Қазақстан Халық Банкі» АҚ кепілдігімен беріледі.

Жобаға салынған инвестициялардың жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден асады. Құрылысты 2025 жылдың сәуір айында аяқтау жоспарлануда. Қайта жаңартудан кейін барлығы 4 400 шаршы метрден астам коммерциялық жылжымайтын мүлік пайдалануға беріледі.

«Нарықты қайта құру ҚР Сауда қызметін реттеу туралы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта Алматыда 41 базар жаңғыртылды, тағы 9-ы қайта құру процесінде. Жаңғыртудан кейін «Тигрохауд» базарындағы жұмыс орындарының саны 100-ден 160-қа дейін өседі, ал сатушылар мен сатып алушылар үшін сауда орталығында болу үшін қолайлы жағдайлар жасалады», - деп атап өтті «Almaty Finance» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Игенов.

crossmenu