2024 жылдың 11 айында «Алматы» ӘКК» АҚ құрылымына кіретін «Almaty Finance» ЖШС мен «Almaty» МҚҰ» ЖШС Алматының микро, шағын және орта бизнесіне жалпы сомасы 8 млрд теңгеге 112 несие берді.
Шағын өнеркәсіптік парктерді (ШӨП) салуды қаржыландырудан бөлек, өндіріс және қайта өңдеу, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік кәсіпкерлік, креативті экономика және туризм салаларында жобаларды жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлер бизнесін дамытуға несие алды. Сонымен қатар, спорт және халыққа қызмет көрсету саласындағы жобалар да қаржыландырылды. Жалпы алғанда, 726 жаңа жұмыс орны құрылды.
Жобаларды несие беру «Almaty Business – 2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
«Almaty Finance» пен «Almaty» МҚҰ арқылы бастаушы және жұмыс істеп тұрған микро, шағын және орта кәсіпорындар бизнесін бастау немесе дамыту үшін жылдық 2% және 6% жеңілдетілген мөлшерлемемен 7 жылға дейінгі мерзімге несие алды. 2024 жылы ең жоғарғы несие сомасы «Almaty Finance»-те 500 млн.теңгені, ал «Almaty» МҚҰ-да 73 840 000 теңгені құрады.
Кәсіпкерлер алынған қаражатты жабдық, шикізат сатып алуға, айналым қаражатын толықтыруға және басқа да бизнес қажеттіліктеріне бағыттады.
2019 жылдан бастап «Almaty Business – 2025» бағдарламасы аясында 690 жоба жалпы 40,4 млрд теңге сомасына қаржыландырылып, ШӨП жалға алушыларын қоса алғанда, 8,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды.
Басым бағыттар арасында ең көп несие өндіріс және қайта өңдеу, денсаулық сақтау және әлеуметтік кәсіпкерлік, сондай-ақ туризм, креативті индустрия және білім беру салаларындағы жобаларға бөлінді. Сонымен қатар, шағын өнеркәсіптік парктер салу, спорт саласындағы жобалар, ШӨП резиденттерін қолдау жобалары және қаланың экологиясын жақсартуға бағытталған жобалар қаржыландырылды.
Кәсіпкерлерді қолдауға бюджеттен бөлінген 24,6 млрд теңге қайтарымды-револьверлік қаражатты пайдалану арқылы 40,4 млрд теңге сомасына қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.