11 июля, 2024

«Алматы» ӘКК Басқарма төрағасының орынбасары «ТДМ пионерлері» сыйлығының финалисті атанды

«Алматы» ӘКК Басқарма төрағасының орынбасары Зоя Касенова шағын және орта бизнес санатындағы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша Пионерлер сыйлығының (SDG Pioneers) Орталық Азиядағы дебюттік финалисті атанды. Сыйлықты Біріккен Ұлттар ұйымы ұйымдастырды.

Алматыда өткен салтанатты рәсім өз ұйымдарында тұрақты дамудың 17 мақсатын және БҰҰ Жаһандық шартының он қағидатын (United Nations Global Compact) біріктіретін және ілгерілететін кәсіп көшбасшылары-кәсіпқойларды марапаттауға арналды.

«ТДМ пионерлері» байқауы алғаш рет Орталық Азияда өтті. Оған Қазақстан өкілдерінен басқа Өзбекстан мен Қырғызстанның көшбасшылары да қатысты.

«Алматы» ӘКК 2023 жылы Қазақстанның әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары арасында бірінші болып БҰҰ Жаһандық шартына қосылғанын еске саламыз. Бастамаға қатысу адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы тұрақты даму қағидаттары мен құндылықтарын сақтауды білдіреді.

БҰҰ-ның Жаһандық шарты корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және тұрақты даму саласындағы әлемдегі ең ірі ерікті бастама болып табылатынын атап өтеміз. Бүгінде ол әлемнің 160 еліндегі 20 мыңнан астам қатысушының басын қосып отыр.

crossmenu