28 марта, 2024

Алматының Индустриалды аймағында қытай машиналарын шығаратын жаңа зауыт салынады

Orbis Kazakhstan Алматының Индустриялық аймағында жаңа зауыт салып, онда қытайлық KAIYI брендінің автомобильдерін шығаратын болады.

Толық циклді зауыттың құрылысы 2024 жылдың екінші тоқсанында басталады. Оның өндірістік қуаты жылына 80 мың автомобильді құрайды. Осының арқасында 1,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады.

26 наурызда Orbis Kazakhstan президенті Сухраб Махмудов пен Yibin Kaiyi Automobile Co., Ltd бас директоры Га Лей қазақстандық компанияға жаңа зауытта KAIYI брендінің автокөліктерін шығаруға құқық беретін меморандумға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, қытайлық өндіруші Orbis Kazakhstan-ға өнімге қажетті барлық техникалық құжаттаманы ұсынады, сондай-ақ техникалық мамандарды қолдау көрсету және технологиялық бақылауды қамтамасыз ету үшін жергілікті жерге жібереді.

2023 жылы Orbis Auto еншілес кәсіпорны Қазақстан аумағында KAIYI маркалы автомобильдерді сату және қызмет көрсету құқығына ие болды. Бүгінде ол Қазақстанда KAIYI дилерлік желісін дамытуда. Ол арқылы жаңа зауытта шығарылатын автомобильдерді сату қамтамасыз етіледі.

Бұдан басқа, өткен жылдың мамыр айында Orbis Kazakhstan EXEED International-мен Қазақстанда осы брендтің автомобильдерін шығару туралы келісімге қол қойды.

crossmenu