24 июня, 2022

Алматының жаңа бас жоспары жыл соңына дейін әзірленеді

Алматы қаласының жаңа бас жоспарын жыл соңына дейін әзірлеу жоспарлануда. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде айтты.


Аудан тұрғыны әкімге бас жоспарды жаңарту және түзету бағдарламасына қатысты сұрақ қойды.


«Жаңарту бағдарламасына түзетулер және бас жоспарды түзету қашан қарастырылады? Өйткені, біз бір жыл, егер одан да көп болмаса, белсенділермен, сәулетшілермен, урбанистермен Бас жоспарды түзету және реновация бағдарламасы бойынша жұмыстандық. Ұсыныстар енгізілді, бірақ бұл бағдарлама әлі күнге дейін орыннан қозғалған емес, еш жерде қабылданбаған да, қарастырылмаған да. Бұл өте маңызды, өйткені қазір реновация бойынша тұрғындар шағымдануда. Құрылыс салушылар қазір белсенді әрекет етіп, қысым көрсете бастады. Бұл шикі реновация бағдарламасы толықтыруларды қажет етеді, өйткені бұл тұрғындардың конституциялық құқықтарын бұзуда», – деді ол.


Әкімнің айтуынша, Бас жоспар 2040 жылға дейінгі мерзімге есептелген, оны әзірлеуді осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.


«Ағымдағы жылдың соңына дейін біз Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі бас жоспарын қайта қарап, қабылдауға ниеттіміз. Жұмыс белгіленген мерзімде аяқталады деп үміттенемін. Реновация бағдарламасы бойынша шамамен тамыз айының ортасынан немесе қыркүйектің басынан бастап есептеулерді ескере отырып, біз өзгерістерді ұсынып, оны орындайтын боламыз», – деді Ерболат Досаев.

crossmenu