15 июля, 2024

Алматылықтар шағын және микро бизнесті дамытуға 2 млрд теңгеге жуық жеңілдікті несиеге ие болды

"Алматы" ӘКК" АҚ еншілес ұйымы - "Almaty" МҚҰ" ЖШС жарты жыл ішінде Алматының шағын және микро бизнес субъектілеріне 1,9 млрд. теңге сомасына 60 жеңілдікті несие берді. "Almaty Business-2025" бағдарламасы аясында бизнестің жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген өкілдері істі дамыту үшін жылдық 2%*, 6%* (кепіл) немесе 12%* (кепілсіз) жеңілдікті мөлшерлеме бойынша қарыздарға ие болды. Ақша жабдықты, шикізатты сатып алуға, айналым қаражатын толықтыруға, бизнестің басқа да қажеттіліктерін жабуға бөлінеді.

МҚҰ-дағы қарыздың шекті сомасы 73 840 000 теңгені құрайды, мерзімі 7 жылға дейін. Биылғы жылы ең көп қарызды өндіріс және қайта өңдеу жобалары бар кәсіпкерлер алды – 32%, екінші орында – халыққа қызмет көрсету жобалары (13%), үшінші орында – денсаулық сақтау (12%). Одан әрі әлеуметтік және білім беру бастамаларын қолдау бар (әрқайсысы 10%). Сондай-ақ, креативті экономика, сауда, туризм және спорт жобалары қаржыландырумен қамтамасыз етілді.

"Алматы" МҚҰ" ЖШС 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. "Almaty Business-2025" бағдарламасы аясында МҚҰ 2 200-ден астам жаңа жұмыс орнын құра отырып, 540-тан астам шағын және микро бизнесті қаржыландырды. Қазіргі уақытта жеңілдікті қаржыландырудың жалпы сомасы 12 млрд теңгеге жақындап келеді", - деп атап өтті "Almaty" МҚҰ Басқарма төрағасы Алтай Исмағамбетов.

Жеңілдетілген несиелеу туралы толығырақ +7 (727) 390 80 42 номері арқылы немесе https://mfoalmaty.kz/ сайтынан біліңіз

*Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жеке есептеледі және жылдық 13% аспайды

crossmenu