19 марта, 2025

Алматыда 2025 жылдың соңына дейін 20 жаңа өңдеуші өнеркәсіп жобасы іске қосылады

Алматы жыл соңына дейін өңдеу өнеркәсібі саласында 20 жаңа жобаны іске қосады, деп хабарлайды "24 KZ".

Бұл үш мыңға жуық жұмыс орнын құрып, мегаполистің елдің негізгі экономикалық орталықтарының бірі ретіндегі позициясын нығайтатынын білдіреді.

2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар 8%-ға өсті. Оның едәуір бөлігі өңдеу өнеркәсібіне бағытталған болатын.

"Тұтастай алғанда, өнім шығару Алматының индустриялық аймағы мен "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы кәсіпорындарының есебінен қамтамасыз етіледі. 2025 жылы Алматы индустриялық аймағының аумағында 132,5 млрд теңгеге 15 инвестициялық жоба іске асырылып, 2 637 жұмыс орны ашылады", - деді Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының бөлім басшысы Әбілхайр Аймағамбет.

2024 жылы Алматының бюджеті 2 трлн теңгеге толықтырылды – бұл өткен жылмен салыстырғанда 22% - ға артық.

crossmenu