8 қазанда Мемлекет басшысы жариялаған «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясына орай Алматыда жаппай экологиялық сенбілік өтеді.
Алматы әкімдігі қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын акцияға қатысуға және табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуға шақырады.
Акция Үлкен және Кіші Алматы шатқалындағы ең танымал туристік орындарды қамтиды:
1) Бутаковка шатқалы – орманшы үйінен «Бутаковка» төменгі сарқырамасына дейін;
2) Ақбұлақ – Көк Жайлау – «Ақбұлақ» аялдамасынан Көк Жайлау үстіртіне дейін;
3) Казачка шатқалы – Казачкадағы жабық шлагбаумнан Көк Жайлау үстіртіне дейін;
4) Қимасар шатқалы – қараусыз қалған үйден Қимасар шатқалындағы кемпинг аймағына дейін;
5) Өтпелі шатқалы – тас аялдамадан «Қыздың көз жасы» сарқырамасына дейінгі аралықтарды қамтиды.
Акция табиғатқа саналы, ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған.
Бастамаға қоғамдық ұйымдар, азаматтық белсенділер, студенттер және қала еріктілері қосылады деп күтілуде.
Барлық қатысушыларға қажетті заттар мен ланч-бокстар беріледі, қаладан трансферттер ұйымдастырылады.
Жиналу күні мен уақыты:
8 қазан, сағат 7:45-8:00
Ұйымдасқан түрде сенбілікке көлікпен апаратын нүктелер:
1) Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Visit Almaty https://2gis.kz/almaty/geo/70000001034578971 ;
2) «Қазақстан» қонақ үйі қасындағы автотұрақ
https://2gis.kz/almaty/geo/9430468281762225/76.957053244113922,43.244718178437886 ;
3) Тұңғыш Президент Саябағы, Visit Almaty
https://2gis.kz/almaty/geo/70000001064215126 .
Анықтама үшін байланыс:
+7 777 756 6193, Айбол Мұратхан, Алматы қаласы туризм басқармасының инфрақұрылымдық даму бөлімінің басшысы;
+7 777 000 7720, Бауыржан Пазылхайыр, «Туристік ақпараттық орталық» ЖШС директорының орынбасары