Алматының Индустриалды аймағында тротуар плиталары мен бетон жиектерін шығаратын зауытқа ауқымды жаңғырту жүргізілді. Инвестициялардың жалпы сомасы 1,2 млрд теңге болды, оның25%-ы инвестор есебінен қаржыландырылды ("СК Рахат" ЖШС), ал қалған 75%-ы "Даму" қорының субсидиялау бағдарламасыаясында қарыз капиталымен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасыхабарлады.
Жоба аясында әлемдегі жетекші өндірушілердің заманауижабдықтары сатып алынды; олар-ұсақ бөлшекті бетон бұйымдардышығаруға арналған HESS Group (Германия) желісі, өнімдердіңтөзімділігін арттыратын ROTHO-Stabil (Германия) камерасы, өнімдітікелей байлайтын VR-80 машинасы және автоматты орайтынRA100 (Италия) машинасы, сондай-ақ полимермен қапталғантехнологиялық поддондар (Польша).
Айта кетейік, алғашқы Hess Maschinenbrik GmbH өндірістік желісі2023 жылдың мамырында іске қосылды. 2024 жылдың соңынақарай зауыт 153 мың шаршы метр тротуар плиталарын өндірді, орташа айлық көлемі 9 мың шаршы метр, бұл жобалық қуаттың 36 пайызы.
Жүргізілген жаңғырту жұмыстарынан кейін бір ауысыммен жұмысістеген жағдайда өнім шығару көлемі айына 25 мың шаршы метргедейін ұлғаяды. Екі ауысымдық режимге көшкен жағдайда, өнімкөлемі тіптен көбейеді. Өндіріс процесін толық автоматтандыруөнімнің сапасын жақсартады, ауқымды үнемдеу арқылы өзіндікқұнды төмендетеді, шикізатқа, материалдарға жұмсалатыншығынды азайтып, жұмыс күшін оңтайландырады.
Кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 180 текше метр автоклавты газды бетон және 750 мың шаршы метр темір бетон шығаруға жетеді. Барлық өнімдер қолданыстағы Мемлекеттікстандартқа сәйкес шығарылады және негізінен жергіліктішикізаттан өндіріледі. Бұрын зауыттың толықавтоматтандырылмауы өнім шығаруға кедергі болған. Яғни, өнімдіэкспозициялау, жинау және қоймада сақтауды қоса алғанда, өндірістік операциялардың бір бөлігі қолмен орындалатын. Ендібарлық процестер толығымен автоматтандырылды, бұлкәсіпорынның өнім шығару деңгейі едәуір арттырады.