31 октября, 2024

Алматыда тауық жұмыртқасының бағасы бекітілетін болды

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында «Алматы» ӘКК» АҚ «Сары-Бұлақ компаниясы» ЖШС құс фабрикасымен қарыз беру шартын жасасты.

Келісім аясында 1-санаттағы тауық жұмыртқасының бағасы айына 2,4 млн дана көлемінде тұрақталады. Тұрақтандыру кезеңі 36 айды құрайды.

«Сары-Бұлақ компаниясы» ЖШС өнімдері қаладағы сауда желілері, сондай-ақ сауда нүктелері арқылы сатылатын болады.

1-санаттағы жұмыртқаның бір дана үшін сату бағасы 51 теңгені құрайды, қаланың сауда объектілеріндегі сатушының сауда үстемесін ескере отырып, бір дана үшін баға 58 теңгеден аспайды.

Толық ақпаратты almatyazyk.kz сайтынан білуге ​​болады.

crossmenu