«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес компаниясы «Almaty Finance» ЖШС Қазақстандағы бірінші спиральды оралған мембраналы сүзу элементтерін өндіретін цехтың іске қосылуына «Мембранэко» ЖШС-не 500 млн теңге бөлді. Қарыз алушы 290 млн. теңгені сатып алу құралдарына, ал 210 млн.теңгені айналым қаражатын толықтыруға жұмсайтын болады.
Жобаны қаржыландыру «Almaty Business-2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Несие лимитінің сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%, қаржыландыру мерзімі – инвестициялар бойынша 5 жылды, ал айналым қаражатын толықтыруға 3 жылды құрайды.
Жергілікті өндірістің іске қосылуы қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорындарды және коммуналдық қызметтерді халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін өздерінің су тазарту құралдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ ТМД нарығына шығуға жол ашады. Жоба , сапа және сенімділік талаптарына сәйкес келетінін растайтын «Самұрық-Қазына» АҚ комиссиясының қолдау хаттамасын алды.
Өндірістік процесс шикізатты сатып алу және дайындаудан бастап, мембраналық элементтерді өндіру мен жинауға, сапасы мен беріктігін тексеруге, қаптауға және іске асыруға дейін қамтиды. Тұщы суд тапшылығының қарқындауы мен су тазарту жүйелеріне сұраныстың артуы жағдайында жоба экологиялық мәселелерді шешуге де, аймақ экономикасының өсуіне де ықпал етеді.
«Мембранэко» ЖШС өндірісті Алматыдағы «Физико-техникалық институты» аумағындағы 300 шаршы метр алаңды құрайтын жалға алынған үй-жайларда орналастыратын болады. Бірінші кезеңде кәсіпорынның қуаттылығы жылына 6 500 дана 8040 (теңіз) және 8040 (тұзды) форматтағы мембранадан тұрады, үш ауысымдық жұмыс тәртібіне көшкеннен кейін бұл көрсеткіш жылына 20 000 данаға жетеді. Кәсіпорында 10 жаңа жұмыс орны ашылады. Өндірістің басталуы 2025 жылдың 2-тоқсанына жоспарланып отыр.
«Цехтың өндірістік қуаттылығы кері осмос жүйелеріне арналған мембраналық сүзгілерге бүгінгі және келешектегі сұранысты қанағаттандыруға есептелген. Өндірілетін сұзгілер қоспалар мен тұздарды жоюға мүмкіндік береді, осылайша су сапасын әртүрлі қажеттіліктер үшін жақсартады. Жоба Қазақстандағы су тазарту технологиялары мен инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосады, сонымен қатар негізгі салалардың сенімді және қолжетімді сүзу элементтеріне деген сұранысты қанағаттандырады», - деп атап өтті «Almaty Finance» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Жулдыз Игенов.