4 июля, 2025

Алматыдағы «демалыс күні» жәрмеңкелерінде 22 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі сатылды

Жыл басынан бері Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары «демалыс күні» жәрмеңкелерінде 22 800 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін сатып алды.

Оның ішінде: 11,5 мың тоннаға жуығы - көкөністер мен жемістер, 7,3 мың тоннадан астамы - ет және ет өнімдері, 2 мың тоннадан астамы - сүт өнімдері, 1,8 мың тоннасы - азық-түлік және маринадталған қияр.

Жәрмеңкелерде барлығы 1000-нан астам тауар атауы ұсынылған.

«Демалыс күні» жәрмеңкелері отандық өндірушілерді қолдауға, халықтың қолжетімді бағамен сапалы азық-түлік тауарларына қолжетімділігін кеңейтуге, сондай-ақ қалалық сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Өнім тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өңдеуші кәсіпорындардан делдалдардың қатысуынсыз келіп түседі, бұл бағаны нарықтық деңгейден төмен ұстауға мүмкіндік береді. Жәрмеңкелерді «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» («Алматы» ӘКК) ұйымдастырады.

Жыл басынан бері қаланың бес ауданында 210-нан астам жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкелер апта сайын, сенбі және жексенбі күндері сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.

Орташа алғанда, бір демалыс күндері Алматы мен Алматы облысының 328 фермерлері мен ауыл шаруашылығы өндірушілерінен келетін 800 тоннадан астам өнім сатылады.

Жәрмеңке өткізілетін орындар:

  • Алмалы ауданы: Масанчи к-сі, Гоголь көшесі мен Әйтеке би к-нің арасы
  • Бостандық ауданы: ш / а. Қазақфильм, Исиналиев к-сі
  • Әуезов ауданы: Өтеген батыр к-сі-Абай даңғ. төмен
  • Медеу ауданы: Меңдіқұлов бульвары-Бектұров к-сінің қиылысы
  • Алатау ауданы: «Мәдениет» ТК

«Алматы» ӘКК қаланың барлық аудандарын қамти отырып, жәрмеңкелердің географиясын кеңейтуге мүдделі.

Егер сізде жәрмеңкелерді өткізуге ыңғайлы орындар туралы ұсыныстарыңыз болса, оларды поштаға жіберіңіз: j.smataev@spkalmaty.kz немесе нөмір бойынша: +7 727 225-18-91 (ішкі.541)

 

crossmenu