5 июня, 2024

Қанат Балықбаев жұмыс сапарымен ӘКК және Алматы индустриялық аймағының объектілерін аралады

«Алматы» ӘКК басқарма төрағасы Қанат Балықбаев ӘКК объектілері мен Алматы Индустриялық аймағына жұмыс сапарымен барды (АИА).

Сапар барысында ол жобалардың іске асырылу барысымен танысып, жеделдетілген шешімді талап ететін бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Индустриялық аймақта Қанат Балықбаев АИА-ның барлық резиденттерін электр қуатымен қамтамасыз ететін «ҚС-12» электр қосалқы станциясына, озық диспетчерлік пунктке, нөсер кәрізін тазарту құрылыстарына және «Индустриальная» жеке теміржол станциясына барды.  Сондай-ақ, шағын өнеркәсіптік парктеріне барып, ШӨП иелерімен және жалға алушыларымен кездесті.

crossmenu