27 мая, 2024

«Алматы» ӘКК сауда павильонын беру бойынша аукцион өткізді

Алматы ӘКК Панфилов көшесіндегі, Қазыбек би және Төле би көшелерінің арасында орналасқан сауда павильонын жалға беру бойынша сауда-саттық өткізді.

Сауда-саттыққа қатысуға 5 қатысушы жіберілді.

Аукцион ағылшын әдісі бойынша өткізілді, бастапқы бағасы 500 000 теңге. Көтерудің әрбір қадамы 50 000 теңгені немесе бастапқы бағаның 10% -ын құрады.

Аукцион жеңімпазы болып лот бойынша ұсынылған ең жоғары бағаны бекіткен «ICafe» ЖШС танылды.

crossmenu