Қаңтар 5, 2023

Алматы ӘКК «Жан ана» қайырымдылық қорына орналасатын жайлар берді

Алматы ӘКК кәсіпкерлерге тегін пайдалану немесе әлеуметтік жалдау мөлшерлемесі жағдайында орналасатын жайлар беру бөлігінде қолдау көрсетеді.

Жаңа жыл қарсаңында Алматы ӘКК бөлген жаңа жөндеуден өткен ғимаратта «Жан ана» қайырымдылық қоры өз есігін ашты.

Қор отбасылар мен аналарға түрлі мамандықтарға оқытудан өтуге мүмкіндік береді. Мұнда көп балалы аналар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар және жалғыз басты аналар жаңа білім, материалдық және моральдық қолдау, ерекше балаларға арналған дипломды маманнан массаж курсын ала алады.

Алматы ӘКК «Жан ана» қайырымдылық қорына орналасатын жайлар берді

«Мен өзім жеті баланың көп балалы анасымын, «Алтын алқа» медальім бар. Бұл қорды мен екі жыл бұрын жалғыз басты аналарға, көп балалы аналарға және ерекше бала тәрбиелеп отырғандарға көмектесу мақсатында ашқан едім. Бізде бұған дейін өз үй-жайымыз болған жоқ. Алматы ӘКК бізге осы ғимаратты жалға берді», - дейді «Жан ана» қорының құрылтайшысы Аягөз Ирсимбетова.

Екі жыл ішінде «Жан анада» 150-200 бала тегін массаж курстарынан өтті. Қолөнер шеберлігін 100-ге жуық әйел оқып, 20 әйел маникюр шебері атанды.

Алматы ӘКК «Жан ана» қайырымдылық қорына орналасатын жайлар берді
crossmenu