19 апреля, 2023

Алматы қаласының кәсіпкерлігін қолдау жолдары бойынша Турксиб ауданының кәсіпкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

Алматы қаласының кәсіпкерлігін қолдау жолдары бойынша Турксiб ауданының кәсіпкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Кездесуде Алматы қаласы Алматы ӘКК еншілес компаниялары: МҚҰ Almaty, Almaty Finance, Алматы Индустриялық аймағы, сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қатысушыларға қаржылық және инфрақұрылымдық қолдаудың қазіргі таңдағы мүмкіндіктері туралы айтып, кәсіпкерлерді толғандырған сұрақтарға нақты жауап берді.

Мұндай кездесулер, оның ішінде онлайн-форматта жақын арада қаланың барлық аудандарында өтеді. Іс-шаралар «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны» және «Almaty Business - 2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

crossmenu