Желтоқсан 21, 2022

Алматыдағы Рузи-нан нан зауыты әлеуметтік нан бағасын бір жылға белгілейді

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде Алматы ӘКК және «Рузи Нан «Астана» ЖШС арасында бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан бағасын тұрақтандыру бойынша келісім шарты жасалды.

Шартқа сәйкес 2023 жылдың қарашасына дейін кәсіпорын кемінде 3 млн. бөлке әлеуметтік нан сататын болады. Сату «үйдің жанындағы» дүкендерде жүзеге асырылады. Өндірушінің берер бағасы бөлке үшін 90 тг құрайды.

Алматыдағы Рузи-нан нан зауыты әлеуметтік нан бағасын бір жылға белгілейді

«Рузи Нан» бренді атынан нан және нан-тоқаш өнімдерін шығаратын кәсіпорын нарықта 12 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Өндірістік цехтар Алматы қаласының Түрксіб ауданында орналасқан.

Нақтылау: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі берер бағасының 15%-дан аспауы тиіс.

Алматыдағы Рузи-нан нан зауыты әлеуметтік нан бағасын бір жылға белгілейді
crossmenu