7 августа, 2024

Әлеуметтік кәсіпкерлік: Алматыда бизнесмендерді қалай қолдауда

2021 жылдың соңында әлеуметтік бағыт алған ШОБ субъектілерін қолдау үшін "әлеуметтік кәсіпкерлік" термині заңнамалық түрде бекітілді. Ал Ұлттық экономика министрлігінде әлеуметтік кәсіпкерлер тізілімі құрылды, оның құрамы жергілікті атқарушы органдардың ұсынымдары негізінде бекітіледі. Әлеуметтік мәртебе халықтың осал санаттарынан жұмыскерлерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін, олар өндірген өнімді өткізетін немесе осындай топтар үшін тауарлар шығаратын және қызметтерді көрсететін бизнесмендерге беріледі. Бүгінгі таңда оларға қандай қолдаудың көрсетілетіні және қандай әлеуметтік жобалардың іске асырылып жатқаны туралы, Almaty.tv телеарнасының тікелей эфирінде "Алматы" ӘКК жобалармен жұмыс департаментінің директоры Ұлан Өсербаев айтып берді

Дереккөз: Almaty.tv

crossmenu