Кәсіпорын айына 20 тоннаға дейін аккумуляторларды қайта өңдейтін болады
Қазақстанда литий-ионды батареяларды қайта өңдеу жөніндегі алғашқы цех ашылды. "Алматы" ӘКК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, "Technic Destroy" ЖШС "Алматы индустриялық аймағы" аумағында Industrial Place шағын өнеркәсіптік паркінде орналасқан – деп хабарлады Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі.
Кәсіпорынның ауданы - 1000 шаршы метр, жұмыс орындарының саны – 20. Цех айына кемінде 20 тонна литий-ионды батареяларды қайта өңдеуге қабілетті жабдықпен жабдықталған. Кәдеге жарату технологиясы одан әрі өндірісте қолдануға болатын, құрамында литий бар ұнтақ, алюминий, мыс және басқа да компоненттер сияқты құнды материалдарды алуға мүмкіндік береді.
«Бағалау бойынша, пайдаланылған 1 тонна аккумуляторды қайта өңдеу 250 кг дейінгі литийді үнемдеуге мүмкіндік береді, ол жаңа материалды өндіру қажеттілігін айтарлықтай азайтады. Қайта өңдеу нәтижесінде қоқыс орындарында болуы мүмкін экологияға теріс әсер ететін қалдықтардың көлемі де азаяды. Аккумуляторлар ыдыраған кезде литий, никель және кобальт уыттары топыраққа сіңіп, сулы қабаттарға енуі мүмкін. Бұл топырақтың сапасын нашарлатып қана қоймай, оны ауыл шаруашылығына жарамсыз етеді, сонымен қатар экожүйелер мен адам денсаулығына зиян келтіре отырып, су ресурстарын ластайды", - деді ӘКК.
Қайта өңдеу қауіпті заттарды кәдеге жарату және құнды материалдарды өндіріс циклына қайтару арқылы бұл қауіптердің алдын алады.