13 ноября, 2024

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (бұдан әрі - ӘМАТ) бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру аясында кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру туралы хабарландыру

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) сауда павильонын (қоғамдық тамақтану нүктесін) жалға беру бойынша аукционға қатысуға өтінімдер қабылдауды жариялайды.

Аукционды ұйымдастыру және өткізу қағидалары «Алматы» ӘКК» АҚ сайтында (www.spk-almaty.kz) жарияланған. Өтінім берер алдында стационарлық емес сауда объектісінің нақты орналасқан жерімен және аукционды өткізу қағидаларымен егжей-тегжейлі танысуды сұраймыз. Егер аукцион жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайда, аукцион жеңімпазы енгізген кепілдік жарна қайтарылмайды. Аукционға қатысуға өтінімдер мөрленген конвертте 23 қазаннан 15 қарашаға дейін жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінге үзіліспен немесе www.e-cloud.kz электрондық порталда 23.10.2024 ж. бастап 06.11.2024 ж. сағат 23:59-ға дейін қабылданады.  қабылданады. Өтінімдерді қабылдау орны: Алматы қ., Байзақов к-сі, 303, 115-ші кабинет. Байланыс тұлғасы – Қоғамның бас менеджері, Қалқаев Мұрат, телефон нөмірі+7 727 225 18 91 (ішкі 560).

  • № 1 Лот – Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Панфилов көшесі, Қазыбек би және Төле би көшелерінің арасындағы (кадастрлық нөмірі 20-311-006-185),) мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 27 ш.м. стационарлық емес сауда объектісі (жалға беру мерзімі 2 жылға дейін);
  • № 2 Лот - Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Панфилов көшесі, Бөгенбай батыр және Қабанбай батыр көшелерінің арасындағы арасындағы (кадастрлық нөмірі 20-311-007-212) мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 15 ш.м. стационарлық емес сауда объектісі (жалға беру мерзімі 2 жылға дейін);
  • № 3 Лот – Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Панфилов көшесі, Казыбек би және Айтеке би көшелерінің арасындағы (кадастрлық нөмірі 20-311-006-186) мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 27 ш.м. стационарлық емес сауда объектісі (жалға беру мерзімі 2 жылға дейін);
  • № 4 Лот - Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Панфилов көшесі, Бөгенбай батыр және Қабанбай батыр көшелерінің арасындағы арасындағы (кадастрлық нөмірі 20-311-007-210) мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 27 ш.м. стационарлық емес сауда объектісі (жалға беру мерзімі 2 жылға дейін);

 

Аукцион ағылшын әдісі бойынша өткізіледі, бастапқы бағасы 1 ай ішінде стационарлық емес сауда объектісін пайдаланғаны үшін 500 000 теңгені құрайды. Аукцион қадамы - бастапқы сомадан 10% (50 000 теңге).

Аукционға қатысушы мынадай талаптарға сай болуы керек:

- ҚР заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген; - тиісті саладағы жұмыс тәжірибесі кемінде екі жыл; - БКБ сәйкес екінші деңгейдегі банктерде өтінім беру күніне мерзімі өткен берешектің болмауы.

(№ 1,3 және 4 Лоттар) Стационарлық емес сауда объектісіне аукционға қатысуға кепілдік жарна - 500 000 теңгені құрайды;  

(№ 2 Лот) Стационарлық емес сауда объектісіне аукционға қатысуға кепілдік жарна - 300 000 теңгені құрайды; 

Кепілдік жарнаны жөнелтуге арналған деректемелер: е/ш KZ676017131000030012, Қазақстан Халық банкі АҚ банкінде, БСК HSBKKZKX, КБе 17. БСН 100840016104. ТТК - 171.

Қағидаларға сәйкес стационарлық емес сауда объектісін жалға беру бойынша аукционға қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  • осы Қағидаларға №1 қосымшадағы нысанға сәйкес аукционға қатысуға өтінім;
  • осы Қағидаларға №2 қосымшадағы нысанға сәйкес өтініш-сауалнама;
  • заңды тұлғаны немесе оның филиалын немесе өкілдігін мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама;
  • атқарушы органды тағайындау туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі және бұйрығы;
  • жеке кәсіпкерді тіркеу туралы талон;
  • өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (қажет болған жағдайда);
  • өтініш берген сәтте салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
  • 8) осы Қағидаларға №3 қосымшадағы нысанға сәйкес кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге кредиттік тарих субъектісінің келісімі; - Сауда павильонын безендіру эскизін, жалпы деректерді, сауда павильонын жайластыру жоспарларын, жабдықтың ішкі орналасу схемасын, дайындау материалдарын, жабдықты өндіруші елді, жұмыс орындарының санын қамтитын жоба бойынша таныстырылым, Сауда павильонының интерьер дизайны; 9) кофехананың, қоғамдық тамақтану және балмұздақ пунктінің қызметін ұйымдастыру кезіндегі өнімге сертификат; 10) кепілдік жарнаның төленгенін растайтын құжат.
crossmenu