30 апреля, 2024

Сауда павильонын (қоғамдық тамақтандыру пункттерін) жалға беру туралы хабарландыру.

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) сауда павильонын (қоғамдық тамақтану нүктесін) жалға беру бойынша аукционға қатысуға өтінімдер қабылдауды жариялайды.

Аукционды ұйымдастыру және өткізу қағидалары «Алматы» ӘКК» АҚ сайтында (www.spk-almaty.kz) жарияланған. Өтінім берер алдында стационарлық емес сауда объектісінің нақты орналасқан жерімен және аукционды өткізу қағидаларымен егжей-тегжейлі танысуды сұраймыз. Егер аукцион жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайда, аукцион жеңімпазы енгізген кепілдік жарна қайтарылмайды. Аукционға қатысуға өтінімдер мөрленген конвертте 29 сәуірден 15 мамырға дейін жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінге үзіліспен қабылданады. Өтінімдерді қабылдау орны: Алматы қ., Байзақов к-сі, 303, 115-ші кабинет. Байланыс тұлғасы – Қоғамның бас менеджері, Қалқаев Мұрат, телефон нөмірі+7 727 225 18 91 (ішкі 560).

1) № 1 Лот – Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Панфилов көшесі, Қазыбек би және Төле би көшелерінің арасындағы (кадастрлық нөмірі 20-311-006-185); (жалға беру мерзімі 2025 жылғы 22 тамызға дейін) мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 27 ш.м. стационарлық емес сауда объектісі.

Аукцион ағылшын әдісі бойынша өткізіледі, бастапқы бағасы 1 ай ішінде стационарлық емес сауда объектісін пайдаланғаны үшін 500 000 теңгені құрайды. Аукцион қадамы - бастапқы сомадан 10% (50 000 теңге).

Аукционға қатысушы мынадай талаптарға сай болуы керек:

- ҚР заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген; - тиісті саладағы жұмыс тәжірибесі кемінде екі жыл; - БКБ сәйкес екінші деңгейдегі банктерде өтінім беру күніне мерзімі өткен берешектің болмауы.

Стационарлық емес сауда объектісіне аукционға қатысуға кепілдік жарна - 500 000 теңгені құрайды;  

Кепілдік жарнаны жөнелтуге арналған деректемелер: е/ш KZ676017131000030012, Қазақстан Халық банкі АҚ банкінде, БСК HSBKKZKX, КБе 17. БСН 100840016104. ТТК - 171. 

Қағидаларға сәйкес стационарлық емес сауда объектісін жалға беру бойынша аукционға қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  • осы Қағидаларға №1 қосымшадағы нысанға сәйкес аукционға қатысуға өтінім; 2) осы Қағидаларға №2 қосымшадағы нысанға сәйкес өтініш-сауалнама; 3) заңды тұлғаны немесе оның филиалын немесе өкілдігін мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама; 4) атқарушы органды тағайындау туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі және бұйрығы; 5) жеке кәсіпкерді тіркеу туралы талон; 6) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (қажет болған жағдайда); 7) өтініш берген сәтте салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама; 8) осы Қағидаларға №3 қосымшадағы нысанға сәйкес кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге кредиттік тарих субъектісінің келісімі; - Сауда павильонын безендіру эскизін, жалпы деректерді, сауда павильонын жайластыру жоспарларын, жабдықтың ішкі орналасу схемасын, дайындау материалдарын, жабдықты өндіруші елді, жұмыс орындарының санын қамтитын жоба бойынша таныстырылым, Сауда павильонының интерьер дизайны; 9) кофехананың, қоғамдық тамақтану және балмұздақ пунктінің қызметін ұйымдастыру кезіндегі өнімге сертификат; 10) кепілдік жарнаның төленгенін растайтын құжат.
crossmenu