5 августа, 2024

Алматы қаласы, Медеу ауданы, Халиуллин көшесі, 196/1 үй, 5-корпус (бұдан әрі - Объект) мекенжайында орналасқан ауданы 1 550 ш.м. тұрғын емес орынжайды жалға беруге арналған конкурс.

Конкурсты ұйымдастырушы: «Алматы» ӘКК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам)

 

Конкурстың мақсаты: Алматы қаласының Медеу ауданында өзекті және сұранысқа ие инфрақұрылым құру үшін әлеуметтік бағыттағы инвестициялық жобаны іске асыруға қатысуға өтінімдер қабылдау (бұдан әрі – Жоба).

 

Конкурсты өткізу мерзімдері:

  • конкурс 2024 жылғы 05-23 тамыз аралығында 23.08.2024 (15 жұмыс күні) өткізіледі;
  • конкурсқа қатысуға өтінімдер 2024 жылғы 5 тамыздан бастап 2024 жылғы 14 тамызды қоса кезеңде (10 күнтізбелік күн) беріледі;
  • өтінімдерді қарау және сараптамалық қорытындыларды дайындау мерзімдері 2024 жылғы 15 тамыздан бастап  2024 жылғы 28 тамызды қоса кезең (10 жұмыс күні);
  • конкурстың қорытындысы 2024 жылғы 29 тамыздан бастап 2024 жылғы 5 қыркүйекті қоса кезеңде  (5 жұмыс күні) қаралады.

* Бұл ретте Қоғам конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімдерін қоспағанда, конкурс мерзімдерін ұзарту құқығын өзіне қалдырады.

 

Конкурсты өткізу кезеңдері:

  • 1 кезең – «Рұқсат беру». Біліктілік талаптарына сәйкес келетін өтінімдер Қоғамның одан әрі қарауына (сараптамасына) жіберіледі;
  • 2 кезең – «Конкурс қорытындысы». Өтінімдер тең болған кезде Қоғамның қарау (сараптама) нәтижелері бойынша айқындалған жоба бойынша Алматы қаласы үшін неғұрлым тартымды инвестициялық көрсеткіштері және әлеуметтік тартымдылығы бар өтінімге артықшылық беріледі.

 

Қоғам:

  • ұсынылған өтінім бойынша шешім қабылдау үшін қажет қосымша құжаттарды, ақпаратты сұратуға;
  • конкурс шарттарына сәйкес келмейтін және өтінімдерді берудің белгіленген мерзімінен кейін конкурсқа қатысуға түскен өтінімдерді қабылдамауға;
  • қайта хабарландыру кезінде конкурсқа қатысуға өтінімдер болмаған жағдайда конкурс шарттарына немесе біліктілік талаптарына өзгерістер енгізуге құқылы;
  • конкурсқа қатысуға алынған жалғыз өтінім конкурс шарттарына (талаптарына) сәйкес келген кезде қарауға қабылдауға;
  • конкурс аяқталғанға дейін конкурсты өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдауға құқылы.

 

 

 

 

Өтініш берушілерге қойылатын біліктілік талаптары:

  • заңды тұлғаны/ дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеудің болуы;
  • жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем болмауы;
  • банкроттықтың және/немесе таратудың, оңалтудың ағымдағы рәсімдерінің болмауы; Өтініш беруші өтінім берген сәтте сот талқылауларында тарап болып табылмауы, Өтініш берушіге және оның мүлкіне атқарушылық іс жүргізілмеуі; Өтініш беруші және оның басшылары, құрылтайшылары терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмеген;
  • соңғы 2 қаржы жылдағы және хабарландыру берілген сәттегі соңғы есепті күнге (тоқсан сайын) қаржылық есептілікті ұсынуы;
  • өтінім берілген күннің алдындағы соңғы 2 жылдағы және соңғы есепті кезеңдегі залалсыз қызметінің болуы;
  • салықтар және өзге де міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің, сондай-ақ қаржы институттары алдында мерзімі өткен кредиторлық берешегінің болмауы тиіс;
  • материалдық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз ету;
  • қызметті жүзеге асыруға лицензия беру (бар болса);
  • жаңа жұмыс орындарын ашу;
  • мәлімделетін қызметті ұйымдастыруға жұмсалатын шығындар құнының кемінде 100% мөлшерінде меншікті немесе қарыз қаражатының болуы;
  • қала үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда тәжірибесінің болуы тиіс;
  • Қоғамның өтінім бойынша теріс шешімі болған кезде өтініш берушіге қайтарылуға жататын Жобаның құнынан кемінде 1% мөлшерінде Қоғамның банктік шотына кепілдік қамтамасыз етуді ұсынуы тиіс. Қоғаммен шарттық қатынастар жасасу кезінде кепілдік жарна Жоба іске қосылғаннан және Жоба бойынша Қоғам алдындағы барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін қайтарылуға жатады.

 

Жобаның басым салалары (неғұрлым басымдықтан аз басымдыққа дейін):

  • денсаулық сақтау;
  • шығармашылық индустрия;
  • білім.

 

Өтінімдерді ресімдеуге және беруге қойылатын талаптар:

  • Қоғамның өтінімді қарауы үшін Өтінім берушіге конкурс мерзімі аяқталған күннен кешіктірмей осы хабарландыруға №1 қосымшаға сәйкес құжаттар топтамасын (қағаз және электрондық форматта) ұсыну қажет;
  • Әрбір Өтініш беруші конкурсқа қатысуға бір өтінім ғана береді;
  • Өтінімді өзгерту немесе кері қайтарып алу туралы өтініш Қоғамға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін келіп түскен жағдайда, Өтінім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы;
  • Өтінімдерді қабылдау орны: Байзақов көшесі, 303

 

 

Объектінің сипаттамасы:

  • Алматы қаласы, Медеу ауданы, Халиуллин көшесі, 196/1 үй, 5-корпус мекенжайында орналасқан жертөлесі бар әкімшілік-тұрмыстық ғимарат.
  • Мақсаты: тұрғын емес әкімшілік ғимарат.
  • Жалпы ауданы 1550 ш.м. (3 қабат және жертөле)
  • Екі кіру тобы, жертөлеге 2 кіреберіс
  • Учаскенің кадастрлық нөмірі: 20-315-061: 370: 6, ауданы 0,9589 га

 

Объектіні жалға беру механизмі (негізгі шарттар):

  • Қоғамның алқалы органының шешімімен қабылданған шарттарда Қоғам мен конкурс жеңімпазы (Жалға алушы) арасында жалдау шартына қол қою;
  • Жалдау ақысының құны жалдаудың әрбір күнтізбелік айы үшін 7 128 560 теңгені құрайды (*егер тұтыну бағаларының индексі (инфляция) өткен жылдың тиісті айына қатысты көтерілсе, Қоғам жылына бір рет жалдау ақысын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы);
  • Объект өтеулі негізде сатып алу құқығынсыз 3 жылға дейінгі мерзімге (ұзарту құқығымен) жалға беріледі;
  • Жалдау төлемдерін төлеу бойынша жеңілдікті кезең- 2 (екі) айға дейін;
  • Объект ағымдағы жағдайда беріледі, қажет болған жағдайда Жалға алушы міндетті түрде коммуналдық қызметтермен шарттар жасаса отырып, жөндеу жұмыстарын дербес жүргізеді.

Ерекше шарттар:

 

  • Өтінім бүкіл ғимаратқа ғана берілуі мүмкін;
  • Ұсынылатын Объектінің ауданы Жобада толық көрсетілген кезде конкурс шарттары жарамды болып саналады қолданылады;
  • Екі және одан да көп әлеуетті жалға алушылар мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін Объектіге өтінім берген кезде Жалға алушы Объектіні жалға алу үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған адамды айқындайды;
  • Жалға алушы Объектіні және оған іргелес аумақты таза ұстауға міндеттенеді.
  • Жалға алушы өз есебінен уақтылы жөндеуді (қажет болған жағдайда), ғимаратты техникалық жарамды күйде және эстетикалық түрде ұстауды қамтамасыз етеді.

 

Қоғамның байланыс деректері:

Консультация алу үшін Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 6-қабат, 622-кабинет мекенжайына жүгіне аласыз.

Жауапты қызметкер – Жобалармен жұмыс департаментінің бас менеджері – Оңғарбаева Аида Аманжолқызы, байланыс телефоны +7 777 058 36 86.

 

 

 

 

crossmenu