Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Қоғам Басқарма төрағасының 2023 жылғы 24 қазандағы №135 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, а.ж. 01 қараша - 01 желтоқсан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарлайды.

Ішкі талдау нысаны: «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ

Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2023 жылғы 4 қаңтардан бастап - 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін.

Ішкі талдаудың негізгі бағыттары:

1) Қоғамның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Қоғамның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмысты басқаруға, үйлестіруге және ұйымдастыруға жауапты - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы Бекишев Даулет Кайржанович (байланыс тел.: 225-18-91 (ішкі 522).

crossmenu