Алматы ӘКК – мемлекет ресурстары мен бизнес арасындағы көпір. Корпорацияның басым бағыты кәсіпкерлікті дамыту және қаланың әлеуметтік-маңызды міндеттерін шешу болып табылады.
Негізгі мақсаты:
Тиімділігі жоғары экономиканы қалыптастыруға жәрдемдесу, қаланың экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін бизнеске қолдау көрсету, Алматыда бизнесті дамытуға арналған үлкен мүмкіндіктер алаңын құру.
Құралдар мен мүмкіндіктер:
Алматы индустриялық аймағы
Барлық коммуникациялары бар жер учаскелерін бере отырып, ірі өндірісті орналастыру.
Әлеуметтік (артықшылықты) рента
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін жалға берілетін тұрғын емес үй-жайлар
Өнеркәсіптік парктер
Жеңілдікті шарттары бар өндірістік қызметті жүзеге асыруға арналған коммуникациялары жүргізілген аумақ.
Стационарлық емес сауда объектілері
Шағын және орта бизнесті дамытуға арналған жеңіл құрастырмалы құрылымдар.
Жәрмеңкелер мен сауда павильондары
Ауыл шаруашылық және фермерлік өнімдерін сату үшін қымзет атқарады.
Жеңілдікті несиелеу
Алматыдағы ШОБ үшін қолжетімді қаржыландыру көзі
Қаржылық қолдау Almaty Finance еншілес кредиттік ұйымдары және «Almaty» микроқаржы ұйымы арқылы, сондай-ақ жобаларды Алматы ӘКК қаражаты есебінен бірлесіп қаржыландыру арқылы көрсетіледі.