Алматы «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік Қоғамы (бұдан әрі –Қоғам) төмендегі мекенжай бойынша орналасқан жер телімінде бірлескен инвестициялық жобаны іске асыруға қатысуға өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды:
Алматы қаласы, Алатау ауданы, Алатау шағынауданы, 7 көш., 138/4 телім. (кадастрлық нөмірі 20-321-032-287) нысаналы мақсатына сәйкес (жатақхананы салу және пайдалануға беру үшін).
Жер телімінің қысқаша сипаттамасы:
Жер телімінің ауданы – 3.0014 га.
Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығының нарықтық құны 38 252 543 (отыз сегіз миллион екі жүз елу екі мың бес жүз қырық үш) теңгені құрайды.
Өтінімдерді 2020 жылғы 2 қарашадан бастап 11 қарашаға (қоса алғанда) дейін қабылданады, сонымен қатар Қоғам өтінімдерді қабылдау мерзімін өз қалауы бойынша ұзартуға құқылы.
Қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі төменде бекітілген Инвестициялық жобаларды қарау және іріктеу ережесінде көрсетілген (№4 қосымша).
Алғашқы кеңес алу үшін Байзақов көшесі, 303, 6 қабат, 616-кабинет мекенжайы бойынша хабарласуға болады. Жауапты қызметкер – Жобаларды және кәсіпорындарды басқару департаментінің Бас жобалау менеджері Мецгер Евгений, жұмыс телефоны + 7 (727) 225-18-91, іш. 589.