Бірінші кезеңде келесі мекенжайлар бойынша жәрмеңкелер қайта жанданды:
- Бостандық ауданы (Қазақфильм шағын ауданы)
- Әуезов ауданы (Абай даңғылы - Өтеген батыр көшесі)
- Алмалы ауданы (Гоголь көшесі - Масанчи көшесі).
Қалған жәрмеңкелердің қызметі қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарай кезең-кезеңімен қайта жаңғыртылатын болады.
Барлық объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау талаптары қолданылады (бетперделер мен антисептиктердің болуы, келушілердің термометриясы және әлеуметтік қашықтық).