Алатау ауданы шаһардың басты өнеркәсіп орталықтарының бірі ретіндегі орнын нығайтып келеді.
Биыл Алматының Индустриялық аймағында отандық өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қаланың экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар ірі жоба жүзеге асырылды.
Қытайлық автомобиль брендтерін шығаратын жеңіл көлік зауыты іске қосылды.
Инвестиция көлемі — 203 млрд теңге, аумағы — 30,9 гектар, 3 600 жұмыс орны ашылды. Зауыттың толық өндірістік қуаты жылына 120 мың автомобиль шығаруға мүмкіндік береді. Қазір кәсіпорын толыққанды өндіріс режимінде жұмыс істеп тұр.
Көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектер мен шиналарды сақтау мақсатындағы көлік-логистикалық хабтың құрылысы аяқталды.
Инвестиция көлемі — 6,3 млрд теңге, аумағы — 7,3 гектар, 212 жұмыс орны құрылды.
Арматуралық тор мен профильді құбырлар шығаратын зауыт пайдалануға берілді.
Инвестиция — 1,51 млрд теңге, аумағы — 2,5 гектар, 100 жұмыс орны ашылды. Қазіргі уақытта кәсіпорын сынақ режимінде жұмысын бастады.
Шыны ыдыстар өндіретін зауыттың құрылысы аяқталуға жақын.
Инвестиция көлемі — 2,4 млрд теңге, аумағы — 4 гектар, 58 жұмыс орны қарастырылған. Зауыттың жылдық өндірістік қуаты — 67,1 млн бөтелке. Қазір техникалық іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Шағын және орта өндірістерді орналастыруға арналған индустриялық парктер жобасын жүзеге асырып келеді.
Инвестиция көлемі тиісінше — 339 млн теңге және 316 млн теңге.
Әр нысанның аумағы — 0,75 гектар, 60-80 жұмыс орны құрылды. Екі нысан да пайдалануға беріліп, жұмыс істеп тұр.
Жалпы, Алатау ауданының Индустриялық аймағы инвестиция мен инновацияның орталығына айналып келеді. Мұнда жаңа жұмыс орындары ашылып, инфрақұрылым дамып, қаланың заманауи өнеркәсіптік экожүйесі қалыптасып келеді.