11 августа, 2025

Алматыда 200 тоннадан астам тауық еті төмендетілген бағамен сатылады

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөніндегі шараларды іске асыру шеңберінде «Алматы» ӘКК» АҚ құс фабрикасымен «NAURYZ AGRO KZ» ЖШС-мен 205,2 тонна көлемінде тауық мяса (аяқ, жамбас) жеткізуге және өткізуге қарыз шартын жасасты. Бағаны тұрақтандыру кезеңі 24 айды құрайды. Өндірушінің сату бағасы килограмына 1 150 теңге болғанда, сауда үстемесі 15%-дан аспайды. Өнімдер «Magnum», «Small», «Galmart» сауда желілерінде және басқа да нүктелерде қолжетімді болады.

Бұған дейін «Алматы» ӘКК Magnum Cash&Carry" ЖШС-мен көкөніс өнімдерін (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) белгіленген төмендетілген бөлшек бағамен жеткізуге және өткізуге форвардтық қарыз шартын жасасқан болатын. Көкөністерді сатып алу Алматы, Жамбыл, Павлодар және Қарағанды облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 10 440 тонна көлемінде жүзеге асырылады. Тұрақтандыру кезеңі 2025 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2026 жылдың сәуір айының соңына дейін жалғасады.

Сонымен қатар, «Magnum Cash&Carry» ЖШС-мен 11 аталым бойынша бағаны тұрақтандыруға арналған қарыз шарты қолданылады: қарақұмық жармасы, мүйіз пішінді макарондар (өлшемелі), күріш жармасы, күнбағыс майы (№1 май зауыты), жұмсақ қаптамадағы майлылығы 2,5% айран, майлылығы 72,5% сарымай, жұмсақ қаптамаға оралған майлылығы 2,5% пастерленген сүт, тауық еті (аяғы, жамбас), бірінші сортты ұн, сиыр еті (төс еті) және тұз. Осы позициялар бойынша бағаны тұрақтандыру кезеңі 2026 жылдың наурызына дейін жалғасады.

«Алатау-Құс» АҚ және «Сары-Бұлақ» компаниясы» ЖШС құс фабрикаларымен бұрын жасалған қарыз шарттары шеңберінде «Алатау-Құс» фирмалық дүкендеріне 1 818 тонна көлемінде тауық еті (аяғы, жамбасы), сондай-ақ қаладағы ірі сауда желілеріне («Magnum», «Small», «A-store.kz»), «Алатау-Құс» фирмалық дүкендеріне және «үй жанындағы» дүкендерге 86,4 млн дана көлемінде бірінші санатты жұмыртқаларды жеткізу жалғасуда . Бұдан басқа, «Көкшетау Белогорье сүт зауыты» ЖШС-нен белгіленген төмендетілген бағамен 170 000 литр көлемінде майлылығы 2,5% сүт жеткізілуде. Сүтті «үй жанындағы» дүкендер арқылы сатып алуға болады.

Түйіршіктелген қант бағасын тұрақтандыру шеңберінде отандық қантты «Magnum», «Small», «Toimart», «Астаналық», «Юбилейный» және басқа сауда желілері арқылы өндірушінің белгіленген сату бағасымен килограмына 380 теңгеге, 10% - дан аспайтын сауда үстемесімен сату да жалғасуда.

Барлық ӘМАТөнімдеріне «Magnum», «Small» сауда желілерінде, «Алатау-Құс» фирмалық дүкендерінде және «үй жанындағы» дүкендерде өндірушінің сату бағасынан 15% аспайтын сауда үстемесімен қол жеткізуге болады.

Сатылатын ӘМАТ өнімдеріне қойылған бағалар туралы ақпаратпен және оны өткізу мекенжайларымен https://almatyazyk.kz сайты арқылы танысуға болады.

crossmenu