21 июля, 2025

Реновация бағдарламасы: Алматыда 600-ден астам тұрғын жаңа пәтерге қоныстанады

 

Алматыда биыл реновация бағдарламасы аясында 78 ескі үйсүріледі. Демек, 600-ден астам адам жаңа пәтергеқоныстанады. Бұл туралы қала әкімдігіне қарасты күрделіқұрылыс кәсіпорнының мамандары айтты, деп хабарлайдыAlmaty.tv тілшісі.

Айта кетейік, Жәмилә Сұлтанованың жаңа пәтергеқоныстанғанына көп уақыт болмаған. Ол осыған дейін 1930 жылдары салынған екі қабатты ескі үйде тұрып, реновация бағдарламасы аясында жаңа баспанаға уақытша көшіпкелген. Өйткені өзінің үйі сүріліп, орнына жаңасысалынады. Келісім бойынша сол мекен-жайға қайтаораламын деген Жәмилә Сұлтанова қазіргі жағдайына да риза екенін жеткізді.

«Ойын алаңы жақсы, өте тамаша. Кешке жақын шығып, демаламыз. Аудан тыныш.  Бұл пәтердің ауданы ескібаспанадан үлкен», – деді қала тұрғыны Жәмилә Сұлтанова

Алматылықтар «бөлме үшін бөлме» қағидаты бойыншажаңа тұрғын үй алады немесе оларға бұрынғыжылжымайтын мүліктерінің нарықтық құны бойыншаақшалай өтемақы беріледі. Сондай-ақ ескі үйдің орнынажаңасы салынатын болса, келісім бойынша соған қайтаоралуға болады.  Жаңарту бағдарламасы аясында барлықпәтерлер таза күйінде беріледі.

Айта кетейік, бағдарламаға сәйкес, тұрғындарды көшіружәне үй-жайларды бұзу меншік иелерінің келісімімен ғанажүзеге асырылады.

«Түрксіб ауданы – қаладағы ең ескі аудан. Тұрғын үй қорыескі. Қазір күш-жігерімізді сол жаққа салып жатырмыз. Қазір Молдағалиев-Ақындар-Спартак-Толстой көшелерініңаумағында жұмыс жүріп жатыр. Ол үйлер 30-жылдары салынған. Кейбірінде жылу, жуынатын бөлме сындықарапайым жағдай жасалмаған. Қазір ондағы 103 пәтердіңтұрғындары қоныс аударды. Кейбірі біржола көшіп кетсе, кей азаматтар жаңа үй салынғаннан кейін қайтып ораламыздеген келісіммен көшті», – деді Алматы қаласы әкімдігі«Күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС Қоныс аударудепартаментінің директоры Наталья Кнауб.

Алматыда биыл ескі тұрғын үйлерде тұратын 220 адам жаңапәтерлерге қоныс аударған. Оның ішінде 99 адам – Түрксібауданының тұрғыны.

Қоныс аудару «Алматы қаласының тұрғын үйін 2030 жылғадейін жаңарту» бағдарламасы  аясында іске асып жатыр. Жыл соңына дейін 600 адамды жаңа пәтермен қамтамасызету жоспарланған.

Ал 2030 жылға дейін шаһардағы ескі үйлердің санын 1 366-дан 690-ға дейін азайтып, шамамен 7 мың 500 меншік иесінзаманауи пәтерге көшіру жоспарланған.

Дереккөз: Almaty.tv

crossmenu