29 мая, 2025

Алматы «ӘКК» Испанияның AMEC өнеркәсіптік кәсіпорындар қауымдастығымен кездесті.

AMEC Испанияның өнеркәсіптік кәсіпорындар қауымдастығы сауданы дамыту және инвестиция тарту мәселелері бойынша Алматыға іскерлік сапары аясында Алматы «ӘКК» және ABDC компанияларымен кездесті.

AMEC өкілі Джоан Балселс экспортқа бағытталған және халықаралық белсенді өнеркәсіптік компанияларды біріктіретін қауымдастық испандық компаниялардың Қазақстан нарығына шығу мүмкіндіктерін зерттеп жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде, Алматы «ӘКК», ABDC-мен бірлесіп, Алматының инвестициялық тартымдылығы туралы айтты, сонымен қатар мегаполиске инвестиция салудың басым бағыттары – өсу әлеуеті жоғары және халықаралық инвесторларды тартуға қабілетті жоғары технологиялық өндіріс, туризм және креативті индустрияларды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша AMEC инвестициялық мүмкіндіктерді егжей-тегжейлі зерделеу үшін 10 ірі компанияны әкелуге, сондай-ақ испандық бизнеспен ынтымақтастыққа мүдделі жергілікті бизнес өкілдері үшін көрме ұйымдастыруға дайын екенін білдірді. Алматы «ӘКК» және ABDC AMEC-ке бұл мәселеде қажетті көмек көрсетуге уәде берді.

crossmenu