13 января, 2025

100-ден астам алматылықтар шағын бизнесті дамытуға жылдық 2% және 6% жеңілдікті мөлшерлемемен несие алды

         «Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы, «Almaty» МҚҰ» ЖШС 2024 жылы Алматының шағын және микробизнес субъектілеріне 106 жеңілдікті қарыз берді. «Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер жылдық 2% және 6%* ставка бойынша істі дамытуға кредиттер алды.

Берілген қарыздардың жиынтық көлемі 3,6 млрд теңгеден асты. Бір қарыз алушыға қаржыландыру лимиті 73 840 000 млн теңгені, несиенің ең ұзақ мерзімі – 7 жылды құрады.

Бағыттар бөлінісінде өндірістік жобалары бар кәсіпкерлер қарыздардың ең көп санын алды – барлық санның үштен бірі, екінші орында денсаулық сақтау жобалары – 20%, үшінші орында – білім беру және халыққа қызмет көрсету (11% - дан). Бұдан кейін креативті экономика (8,5%), туризм және әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау (6%).

2019 жылы «Almaty Business-2025» бағдарламасы бекітілген сәттен бастап «Almaty» МҚҰ 13,3 млрд.теңгеден астам сомаға 600-ге жуық жобаны қаржыландырды. Ең көп қарыздар өндірістік жобаларды (28%) және денсаулық сақтау жобаларын (15%) іске асыруға, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға (11%) берілді. Соңғылары ең төменгі мөлшерлеме бойынша қарыз алды – жылдық 2%.

«Жеңілдетілген несиелеу аясында қалада 2 400-ден астам жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлікті ынталандырудан және жұмыспен қамтуды арттырудан басқа, «Almaty Business-2025» бағдарламасы жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдерін ұлғайтуға белсенді ықпал етеді», - деп атап өтті «Алматы» МҚҰ Басқарма төрағасы Алтай Исмағамбетов.

Жеңілдетілген несиелеу туралы толығырақ +7 (727) 390 80 42 нөмірі немесе веб-сайт арқылы біліңіз https://mfoalmaty.kz/

* Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жеке есептеледі және 13%-дан аспайды

 

crossmenu