5 ноября, 2024

«Алматы» ӘКК-де әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиналыс өтті

2024 жылғы 04 қарашада «Алматы» ӘКК-де әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиналыс болып өтті. Іс-шарада Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахметов және Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ақпараттық-ағарту штабының басшысы Саят Сергейұлы Балғымбаев сөз сөйледі.

Қатысушылар кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын, атап айтқанда Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормалары мен қағидаттарын сақтауын, заңда тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеу мәселелерін талқылады. Кеңеске қатысушыларға әлеуметтік-сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

«Алматы» ӘКК-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының бар екенін айта кеткен жөн. Бұл саясат «Алматы» ӘКК мен оның қызметкерлерінің ашық және адал бизнесті жүргізудің, корпоративтік мәдениетті жетілдірудің, корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін ұстанудың және «Алматы» ӘКК-нің іскерлік беделін тиісті деңгейде қолдаудың жоғары этикалық стандарттарына ұстанымын көрсетеді.

«Алматы» ӘКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды кез келген формат пен көріністегі сыбайлас жемқорлыққа ымырасыз көзқарас және қабылдамау, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудағы басшылықтың жеке үлгісі, қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл рәсімдерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелінің ауқымына сай жүргізілуі,  бизнестің ашықтығы, адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын мойындау, қамтамасыз ету және қорғау, заңдылық, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық қудалаудың бұлтартпастығы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын бірінші кезекте қолдану қағидаттарының негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерді жүзеге асырады.

crossmenu