Алматыда TURAQTY JOL Ұлттық әлеуметтік экокампаниясының V мерейтойлық цикліаясында
«ESG - күн тәртібі перспективалары және гринвошинг мәселелері: бизнестің тұрақтыдамудағы тиімді стратегиясын қалай қамтамасыз ету керек» тақырыбында пікірталассессиясы өтті.
Ашылу салтанатына ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік және қазақстандық клубтар федерациясының Президенті Болат Акчулаков, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Абылкасымова, Алматыдағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің директоры Амир Пирич, «Центр Кредит Банкі» тұрақты даму дирекциясының (ESG) басшысы Арнур Ибраев және Chevron компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Жанар Кошпанова қатысты.
Іс-шара аясында бірнеше панельдік сессиялар өтті. «Алматы» ӘКК «ESG контекстінде әйелдердің бизнестегі құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және гринвошингтің алдын алу қағидаттары» тақырыбында пікірталасқа қатысты. «Алматы» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары Зоя Касенова тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін әйелдер рөлінің және олардың бизнестегі мүмкіндіктерінің маңыздылығын атап өтіп, гендерлік теңдік контекстінде ESG-қағидаттарын ілгерілету туралы айтып берді.
Аталған ESG-күн тәртібін талқылауға мыналар қатысты: Комплаенс және іскерлік этика қауымдастығының БК төрағасы, ҚР Энергетика министрінің кеңесшісі Даурен Акшалов, тәуелсіз директор, QID Консультативтік кеңесінің мүшесі, ESGQ аға кеңесшісі Дина Урастаева, Women in Tech Kazakhstan басшысы, Solva компаниясының тәуелсіз директоры Асем Болатжан, Air Astana компаниясының орнықты даму мәселелері жөніндегі директоры Юлия Лим.
Бұл сессия ESG шеңберінде гендерлік теңдікті ілгерілетуге, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды іске асыру және азаматтық сектормен өзара іс-қимыл жасау арқылы әйелдердің жұмыс орнында, тұтыну нарығымен және қоғамдастықта жұмыс істеу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін Women’s Empowerment Principles (WEPs) имплементациялауға бағытталған.
Кездесудің ұйымдастырушылары Алматыдағы ЮНЕСКО аймақтық кеңсесімен және ESGQ рейтингтік агенттігімен бірлесіп ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық ұлттық федерациясы болды. Сараптамалық пікірталас бастамасын ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы, сондай-ақ қалалық әкімдік қолдады.