«Алматы индустриялық аймағы» ЖШС («Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы) аумағында орналасқан "Industrial Place" ЖШС шағын өнеркәсіптік паркінде Қазақстанда литий-ионды батареяларды қайта өңдеу бойынша алғашқы цех ашылды. Кәсіпорынның ауданы - 1000 м², жұмыс орындарының саны - 20. Цех айына кемінде 20 тонна литий-ионды батареяларды қайта өңдеуге қабілетті құрылғылармен жабдықталған. Қайта өңдеу технологиясы құрамында литий бар ұнтақ, алюминий, мыс және одан әрі өндірісте қолдануға болатын басқа да компоненттер сияқты құнды материалдарды алуға мүмкіндік береді. Цех қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жетекші қазақстандық компаниялардың бірі «Technic Destroy» ЖШС-мен салынды.
Литийді тұтынудың артуы жағдайында оны сақтау және қайта өңдеу мәселесі өзекті болып отыр, ал автомобиль өнеркәсібінің электромобильдерге қарай қарқынды дамуы қайта өңделмеген литий-ионды батареялардың қоршаған ортаға әсері мәселесін көтереді.
Қазақстанда жаңа кәсіпорынның ашылуы бастапқы ресурстарды өндіру қажеттілігін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді, бұл қоршаған ортаға жүктемені азайтады. Пайдаланылған 1 тонна аккумуляторды қайта өңдеу 250 кг литийді үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл жаңа материалды өндіру қажеттілігін айтарлықтай азайтады. Қайта өңдеу нәтижесінде қоқыс орындарында жиналып экологияға теріс әсер ететітін қалдықтарды азайтады. Батареялар ыдыраған кезде литий, никель және кобальт токсиндері топыраққа сіңіп, сулы деңгейжиектерге енуі мүмкін. Бұл топырақтың сапасын нашарлатып, оны ауыл шаруашылығына жарамсыз етіп қана қоймай, экожүйелер мен адам денсаулығына зиян келтіретін су ресурстарын ластайды. Қайта өңдеу бұл тәуекелдерді болдырмайды, қауіпті заттар қауіпсіз түрде жойылады және құнды материалдарды өндіріс цикліне қайтарады.
Бастапқы көздерден литий өндіру де айтарлықтай энергия шығындарын талап етеді және өндірілген литийдің әрбір тоннасына шамамен 15 тонна көмірқышқыл газын (CO₂) бөледі. 1 тонна литий-ионды аккумуляторларды қайта өңдеу бұл шығарындыларды 70%-дан 80%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді, бұл қайта өңделген материалдың тоннасына 3-4 тоннаға дейін CO₂ шығарындыларын төмендетуге пара-пар болып табылады.