Ұлттық ақпараттық-талдау орталығы (ҰАТО) жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша «Алматы» ӘКК» АҚ «Коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша консультация беру» (ЭҚЖЖ-70.22.1) саласының өңірлік және ұлттық «Сенімді әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындардың тізіліміне» енгізілді.
ҰАТО, экономикалық қызмет түрлері мен өңірлер бөлінісінде ҚР кәсіпорындарының сенімділігіне кешенді талдау мен тексеруді жыл сайынғы негізде жүргізеді. Зерттеудің мақсаты – Қазақстанның сенімді және әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындарының брендтерін анықтау және танымал ету.
Тізілімдер Ұлттық статистика бюросының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҚР Мемлекеттік сатып алулардың, ҚР электрондық үкіметінің ашық деректерінің және басқа да көздердің ресми деректері негізінде қалыптастырылады. Аналитика өткен жылғы мәліметтер бойынша жүзеге асырылады.
«Алматы» ӘКК» АҚ туралы ҰАТО нәтижелері мен талдамалық есебі мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://niac.kz/100840016104