5 сентября, 2024

Алматыда сауда желілерінде кейіннен сату үшін 4,5 мың тонна қант сатып алынды

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және бағаның өсуіне жол бермеу тетіктерін іске асыру шеңберінде «Алматы» ӘКК» АҚ тауар биржасында сауда-саттық нәтижелері бойынша 4,5 мың тонна қант жеткізуге шарт жасасты.

Отандық өндірістегі қант қаланың сауда желілеріне белгіленген сату бағасы бойынша – килограмына 380 теңгеден аспайтын бағамен сатылатын болады. Өз кезегінде, қант сататын ритейлдер сату бағасына 10%-дан аспайтын сауда үстемесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл шара Алматы қаласында қант бағасын 2025 жылдың қыркүйегіне дейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Сіз almatyazyk.kz сайтында өнімді сату нүктелерімен таныса аласыз.

Анықтамалық:  2023 жылғы қарашадан 2024 жылғы тамызға дейін «Алматы» ӘКК» АҚ қаланың сауда желілері арқылы белгіленген босату бағасы бойынша 3 мың тонна көлемінде қант сатты, бұл осы уақыт кезеңінде Алматы қаласында бағаның өсуіне жол бермеуге мүмкіндік берді.


crossmenu