7 августа, 2024

Almaty Business-2025: мегаполисте кәсіпкерлерді қалай қолдауда

Алматылықтар шағын бизнесті дамытуға 2 миллиард теңгеге жуық несие алды*. ӘКК бірінші жартыжылдықтағы деректерімен бөлісті. Қарыздар бизнесмендерге төмен пайыздық мөлшерлемелерді ұсынатын "Almaty Business-2025" бағдарламасы бойынша берілді. Оларды әртүрлі бизнес қажеттіліктері, оның ішінде жабдықтар, шикізат сатып алу, айналым қаражатын толтыру және басқа да маңызды мақсаттар үшін пайдалануға болады. Несиенің максималды сомасы 73 миллион теңгеден асады - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бағдарлама бизнесмендерге несиелер бойынша төмен пайыздық мөлшерлемелерді: кепіл болған кезде жылдық 2-ден 6%-ға дейін және онсыз жылдық 12% ұсынады. Бұл, сарапшылардың пікірінше, кәсіпкерлер үшін өз бизнесін тиімді шарттармен дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беретін қуатты ынталандыру болып табылады. Қарыздың шекті сомасы 7 жылға дейінгі мерзімге 73 миллион теңгеден асады.

Биыл өндіріс және қайта өңдеу жобалары бар кәсіпкерлер ең көп қарыз алды – 32%, екінші орында – халыққа қызмет көрсету жобалары - 13%, үшінші орында – денсаулық сақтау - 12%-бен орналасты. Бұдан кейін әлеуметтік және білім беру бастамаларын қолдау - 10% құрады. Сондай-ақ, креативті экономика, сауда, туризм және спорт жобалары қаржыландырумен қамтамасыз етілді.

- Ақша жабдықты, шикізатты сатып алуға, айналым қаражатын толықтыруға немесе бизнестің басқа да қажеттіліктерін жабуға бөлінуде. Әр кәсіпкер немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысуды жоспарлап отырған адам өтініш бере алады. Біздің кеңсеге келіп, егжей - тегжейлі кеңес ала алады, құжаттар тізімін ала алады - деді Несиелеу департаментінің директоры Айман Оңғарова.

Жеңілдікпен несиелеуді пайдаланғандардың бірі көпбалалы ана Айгүл Имансерікова болды. Ол даму ерекшеліктері бар баланы тәрбиелеуде. Ол әйел әрқашан тамақ пісіруді, әсіресе нан өнімдерін пісіруді жақсы көретін. Оның үйде дайындалған бәліштері мен торттары достары мен көршілері арасында өте танымал болды. Жақсы пікірлерден шабыт ала отырып, ол үй шаруашылығының шегінен шығып, хоббиін бизнеске айналдыруға шешім қабылдады. Бірнеше ай бұрын алматылық ару кофехана ашты. Стартапты дамыту үшін әйел 2%-бен несие алды.

- Мен өз ас үйімнен кішкентай қадамдар жасадым. Жұмысымды кеңейту керек екенін түсіндім. Жабдықты сатып алу үшін 32 миллион сома алдым. Бір ай ішінде құжаттарды жинадым. Менде ешқандай қиындықтар болған жоқ, сөйтіп мен 26 ақпанда ақшаны алдым, - деді кәсіпкер Айгүл Имансерікова.

"Almaty Business-2025" бағдарламасы өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына айтарлықтай әсерін тигізді. Нәтижесінде, қала экономикасы дамуға серпін алады, ал кәсіпкерлер өздерінің ең батыл жоспарлары мен жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алуда.

Аида Иманали, Рашидин Якупов, «Алматы» телеарнасы

*несиелерді "Almaty" МҚҰ клиенттері алды

crossmenu