"Алматы" ӘКК" АҚ (Қоғам) Директорлар кеңесінің шешімімен Балықбаев Қанат Олжабекұлы Қоғамның Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалды.
Қанат Олжабекұлы 1980 жылы Семей қаласында дүниеге келген.
"Құқықтану" ("Заңгер" біліктілігі) және "Қаржы" ("Экономист" біліктілігі) мамандықтары бойынша Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ бітірген. Потсдам университетінде (Германия) біліктілікті арттыру курстарынан өтті. MBA дәрежесіне ие, AlmaU университеті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке секторындағы жалпы жұмыс өтілі - 20 жылдан астам.
Кәсіби қызметін 2002 жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінде бастады.
Әр жылдары банк секторында, телекоммуникация саласында, ҚР Қаржы министрлігінде, Денсаулық сақтау министрлігінде, Ұлттық экономика министрлігінде еңбек етті.
7 жыл бойы "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК басқарды.
2022 жылдың аяғынан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін жеке компанияның басшысы болды.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.